$ 457.21
 534.62
 6.08

Алматы облысында ер адам пойыз астына түсіп, қаза тапты

Редактор
18.03.2025, 19:44
Фото: Kazinform
Фото: Kazinform
Қазір іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр

Алматы облысында ер адам пойыз астына түсіп, қаза тапты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.  

Ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға кеше сағат 17:24-те Ақсеңгір-Шымалған теміржол аралығында (Алматы-Отар учаскесі) болған.

Машинистің айтуынша, ер адам кенеттен жолға шығып, локомотив сигналдарына жауап бермеген, ал шұғыл тежеу басылғанмен, соққыдан құтылу мүмкін болмаған. 

Оқиғаның алдын ала себебі – жәбірленушінің жеке абайсыздығы және теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтамауы, – делінген ҚТЖ хабарламасында.

Қазір іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.