Алматы облысында домбыра мұғалімі 14 жастағы қызды қонақ үйге апарған жерінен ұсталды

Редактор
15.05.2025, 21:28
Алматы облысында домбыра мұғалімі 14 жастағы қызды қонақ үйге апарған жерінен ұсталды
2025 жылдың 15 мамыры таңғы сағат 3:00 шамасында Алматы облысындағы Өтеген батыр ауылында орналасқан «У Розы» қонақүйіне полиция қызметкерлері басып кіріп,  33 жастағы домбыра мұғалімінің 14...

2025 жылдың 15 мамыры таңғы сағат 3:00 шамасында Алматы облысындағы Өтеген батыр ауылында орналасқан «У Розы» қонақүйіне полиция қызметкерлері басып кіріп,  33 жастағы домбыра мұғалімінің 14 жастағы қызды сонда апарғанын анықтаған деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Сөйтіп, мектеу оқушысымен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікпен музыка пәнінің мұғалімі қамауға алынды. Құқық қорғау органдары бұл жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғады.

14 жастағы қызға ұқсамайды. Сырт келбетіне қарап, 25 жас беруге болады. Ол өзінің куәлігі жоқ екенін айтты. Олар бөлмеге кірген кезде, полиция да бірден артынан кіріп келді.  Бөлмеде екеуі ғана болған, - деді қонақүй иесі.

Белгілі болғандай, қыз бала 3 күн бұрын үйінен кетіп қалған. Анасы полицияға жүгінген. Қонақүй әкімшілігінің айтуынша, мектеп оқушысы қонақүйге ерікті түрде келген. Өзін сабырлы ұстаған және ешқандай көмек сұрамаған.

Өтеген батыр ауылындағы «У Розы» қонақүйіндегі оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Құқық қорғау органдары мен қонақүй басшылығының мәлімдемелері арасында қарама-қайшылықтар бар. Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталмақ.