Алматы облысы Іле ауданының экс-әкімі Бағдат Қарасаевқа қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Іле ауданының экс-әкіміне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Іс қылмыстық кодекстің 7-бабы бойынша қаралмақ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Б.Ә. Қарасаевқа қатысты және Қылмыстық кодекстің 189, 190, 324, 361, 362, 364, 369 баптары бойынша басқа да адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтағанын хабарлаймыз. 2025 жылдың 31 наурызында қылмыстық іс Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 305-бабының тәртібімен мәні бойынша қарау үшін Алматы облысы Іле аудандық сотына жолданды, - делінген Алматы облыстық прокуратурасының ресми жауабында.
Айта кетейік, Бағдат Қарасаев 2024 жылдың 4 қыркүйегінде қызмет бабын және өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталған болатын. Антикор мәліметінше, Қарасаевтың әрекеті мемлекетке 204 миллион теңге көлемінде залал келтірген.