Алматы маңында тағы бір жер сілкінісі тіркелді

Редактор
12.05.2025, 20:04
Алматы маңында тағы бір жер сілкінісі тіркелді
Алматы маңында бүгіндікке екінші рет жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Алматы маңында бүгіндікке екінші рет жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Сейсмологтар Алматы маңында тағы бір жер асты дүмпуін тіркеді. Астана уақытымен сағат 11.38-де жер сілкінген. Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 239 шақырым жерде орналасқан. 

Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының сейсмология институтының мәліметі бойынша, Қырғыз Республикасының елді мекендерінде жер сілкінісінің қуаты: Жаңа-Талап, Ақ-Қия, Байғончоқ, Үгіт, Көк-Жар, Ақ-Талаа, Қара-Ой ауылдарында – 4,5 балл, Балы, Жы, 4-8, Наурыз ауылдарында – 4,5 балл болды. Еңбек-Талаа, Достық, Шоро, Дёдёмель, Көш-Бұлақ, Құланақ ауылдары – 3 балл, Нарын – 2,5 балл.

Айта кетейік, бүгін сағат 6:33-те Алматыдан 234 шақырым қашықтықта жер сілкінген болатын. Оның магнитудасы — 4,8.