Ішкі істер министрлігі Алматы әуежайында болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Қолына пышақ ұстаған ер адам әуежай қызметкерін кепілге алып, рюкзагында «бомба» бар деп жолаушыларды қорқытқан.
Аталған факт бойынша үш қылмыстық іс қозғалды:
Ведомствода хабарлағандай, оқиғаның мән-жайын тексеру үшін жедел-тергеу тобы құрылды. Зардап шеккендер жоқ. Сот шешімімен күдіктіге қатысты екі айға қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Сонымен қатар Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың тапсырмасымен елдегі әуежайлар мен вокзалдардағы қауіпсіздік жүйесі тексеріліп жатыр.