Алматы әуежайының халықаралық рейстерге арналған жаңа терминалы мен ішкі рейстерге арналған ескі терминалы арасында жаңа көпір ашылды, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Бұған дейін екі терминал арасында тікелей байланыс болмаған еді, - деп жазады Kazinform агенттігі. Ескі не жаңа терминалдан екіншісіне бару үшін ғимараттың сыртына шығып, жаяу жүру қажет болатын.
— Алматы әуежайында терминалдар арасында жаңа көпірдің құрылысы аяқталғанын қуана хабарлаймыз. Енді халықаралық және ішкі терминалдар арасында көшеге шықпай-ақ оңай және жылдам өтуге болады, — деп хабарлады әуежай әлеуметтік желіде.