Алматы әуежайында ер адам өзін-өзі өртемек болған

Редактор
26.08.2025, 04:37
Алматы әуежайында ер адам өзін-өзі өртемек болған
Оқиға бүгін сағат 22:06 шамасында «Т-1» терминалында кассаның жанында болған. Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметі ақпарат таратты,-деп жазады bairaqmedia.kz.

Оқиға бүгін сағат 22:06 шамасында «Т-1» терминалында кассаның жанында болған. Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметі ақпарат таратты,-деп жазады bairaqmedia.kz.

«Полиция қызметкерлері әуежайдың қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, жедел әрекет етті. От дер кезінде сөндіріліп, жедел жәрдем шақырылды. Ер адам қалалық ауруханаға жеткізілді», – делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.