Бұған дейін 11 сынып оқушысына жыныстық емеурін көрсетті деп айыпталған әнші Алмас Кішкенбаевты 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Бүгін Алматы соты Алмас Кішкенбаевты "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша кінәлі деп тауып, 15 тәулікке бас бостандығынан айырды.
Сот барысында Кішкенбаевтың мас кезінде осындай әрекетке барғанын анықталған. Алайда Сотта әнші болған оқиғаның мән-жайы есінде жоқ екенін айтқан.
1-бөлімнің 434-бабының санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза берілген.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
31 қаңтарда әнші Алмас Кішкенбаев қамауға алынды деген ақпарат тараған еді. Артынша Алматы полициясы 17 жастағы баланың арызына қатысты тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
17 жастағы жасөспірімнің айтуынша, 40-қа таяған ер адам сыраға тапсырыс беріп, содан кейін бірге ішуді ұсынған. Кейін оқушының жыныс мүшесін ұстаған.
Михаил Козачков каналы бұл адамның - белгілі әнші Алмас Кішкенбаев екенін айтқан.