$ 457.21
 534.62
 6.08

Әліби Ыдырыс UFC келісімшарты үшін таласта финалға жолдама алды

Редактор
23.07.2025, 17:36
Фото: vesti.kz
Фото: vesti.kz
Қазақстандық ММА спортшысы Әліби Ыдырыс UFC ұйымдастыратын The Ultimate Fighter 33 реалити-жобасының финалына шықты. Жартылай финал аясында аса жеңіл салмақта өнер көрсеткен Ыыдырыс Венесуэла...

Қазақстандық ММА спортшысы Әліби Ыдырыс UFC ұйымдастыратын The Ultimate Fighter 33 реалити-жобасының финалына шықты. Жартылай финал аясында аса жеңіл салмақта өнер көрсеткен Ыыдырыс Венесуэла өкілі Ройберт Эчеверрианы бірінші раундта тізесімен ұрып, нокаутқа түсірді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz penalty.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл әсерлі жеңіс Әлібиге финал жолдамасын сыйлады. Енді ол Иммануэль Родригес пен Джозеф Моралес арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездеседі.

Әліби Ыдырыс бұған дейін ширек финалда өзбекстандық Фурқатбек Йоқубовты төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіп, өз мықтылығын дәлелдеген еді. Жекпе-жек барысында ол техникалық дайындық пен тактикалық артықшылығын толық көрсетті.

The Ultimate Fighter жобасында Идрис UFC-дің бұрынғы чемпионы Даниэль Кормьенің командасын таныстыруда. Бұл шоу UFC-ге кіру жолындағы басты мүмкіндік саналады. Финалдың жеңімпазы промоушенмен эксклюзивті келісімшартқа қол қояды және кәсіби ММА әлемінде жаңа белеске көтеріледі.