Әлем чемпионатынан алтын медаль алған 17 жастағы қазақстандық боксшы Аружан Зейнуллаева мен жаттықтырушысына ауылдастары құрмет көрсетіп, тұлпар мінгізді, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Аружан 27 қазан мен 3 қараша аралығында Черногорияның Будвада қаласында өткен бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатының алтын жүлдесін иеленген болатын, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Ол 81 келі салмақта финалда өзбекстандық Рухшон Парпиевамен жұдырықтасып, 5:0 есебімен жеңіске жеткен еді.
Турнирде Қазақстан құрамасы 6 алтын, 1 күміс, 10 қола алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.