Алдағы аптада өтетін спорттық іс-шаралар кестесі жарияланды

Редактор
27 янв. 2025 г., 14:20
Алдағы аптада өтетін спорттық іс-шаралар кестесі жарияланды

Туризм және спорт министрлігі 27 қаңтар-2 ақпан аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесін жариялады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

27 қаңтар-3 ақпан – Фристайл могулдан халықаралық жарыс. Оған Қазақстан құрамасы сапынан 7 спортшы қатысады.

Өтетін орны: Финляндия, Юваскюля қаласы.

27 қаңтар-3 ақпан – Тау шаңғысынан халықаралық турнир (FIS). Жарыста 4 отандасымыз өнер көрсетеді.

Өтетін орны: Қырғызстан, Қашқұлак қаласы.

27 қаңтар-2 ақпан – Пара шаңғыдан Әлем кубогы. Бұл сында ел намысын 7 спортшы қорғайды.

Өтетін орны: Италия, Валь-ди-Фьямме қаласы.

28 қаңтар-6 ақпан – Семсерлесуден Әлем кубогы (шпага, әйелдер). Халықаралық жарыста 3 жерлесіміз бақ сынайды.

Өтетін орны: Испания, Ампоста қаласы.

30 қаңтар – 4 ақпан – Шаңғымен трамплиннен секіруден FIS кубогы. Қазақстан құрамасынан 3 спортшы сынға түседі.

Өтетін орны: Польша, Щирк қаласы.

1 ақпан-10 ақпан – Шаңғыдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты. Әлем біріншілігіне ел құрамасынан 8 спортшы қатысады.

Өтетін орны: Италия, Скильпарио қаласы.

1-3 ақпан – Қоян-қолтық ұрыстан ҚР чемпионаты. Ел біріншілігінде 16 өңірден 100 спортшы өнер көрсетеді (12-13 жас аралығындағы ұлдар).

Өтетін орны: Алматы қаласы.