$ 457.21
 534.62
 6.08

Алаяқтар Ерболат Досаевтың атынан жалған хабарлама таратып жатыр

Редактор
18.04.2025, 17:07
Фото: Алматы қаласы әкімдігі
Фото: Алматы қаласы әкімдігі
Қала әкімдігі мәлімдеме жасады

WhatsApp мессенджерінде Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев пен әкімдік қызметкерлерінің атынан жалған хабарламалар таралып жатыр, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Қала әкімдігінің мәліметінше, бейтаныс адамдар +7 707 342 64 39 нөмірінен, сондай-ақ басқа да мүмкін болатын нөмірлерден хабарлама жіберіп, қоңырау шалып жатыр.
 
Ресми түрде хабарлаймыз: Алматы қаласы әкімдігі мұндай сипаттағы хабарламаларды таратпайды. Мұндай хабарламаларды тарату мен бейтаныс тұлғалардан келетін қоңыраулар – алаяқтық әрекеттер.
 
Сіздерден мұндай хабарламаларға жауап бермеуді, күмәнді сілтемелерге өтпеуді әрі жеке деректеріңізді таратпауды сұраймыз.
 
Сақ болыңыздар, тек ресми ақпаратқа сеніңіздер. Егер осындай хабарлама алсаңыздар – құқық қорғау органдарына хабарласыңыздар, – делінген хабарламада.