$ 457.21
 534.62
 6.08

Ақтөбе облысында дрон құлады

Редактор
29.04.2026, 15:07
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден
Оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр.

Ақтөбе облысындағы Әлімбет ауылы маңынан ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтары табылды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, нысан таңғы сағат 08:30 шамасында далаға құлаған. Куәгерлер қатты дыбыс пен жарылысты естігенін айтқан.

Сынықтар елді мекеннен 2,5 шақырым жерден табылған.

Полиция бұл деректі растап, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеру басталғанын хабарлады.

"Ақтөбе облысының полиция департаменті уәкілетті қызметтермен бірлесіп, Қарғалы ауданында ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтарына ұқсас заттардың табылуына байланысты тексеру шараларын жүргізіп жатыр. Нысан елді мекеннің аумағынан тыс жерден табылды. Барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деп мәлімдеді Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.