$ 447.85
 513.46
 5.31

Ақтауда халықаралық «Каспий – достық теңізі» фестивалі өтеді

Редактор
23.09.2026, 19:22
әкімдік
әкімдік
Халықаралық ән байқауы ұйымдастырылды

2026 жылғы 25–27 қыркүйек аралығында Ақтау қаласында халықаралық «Каспий – достық теңізі» фестивалі өткізіледі, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Фестиваль бағдарламасы аясында халықаралық ән байқауы ұйымдастырылып, Ақтау қаласының туған күніне орай қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік гала-концерт өтеді.

Бағдарлама:

- 25 қыркүйек – халықаралық «Каспий – достық теңізі» эстрадалық вокал фестиваль-байқауының салтанатты ашылуы.

📍Өтетін орны: 15 ш/а «Амфитеатр» алаңы.

🕔 Уақыты: 19:00;

- 26 қыркүйек – байқаудың конкурстық бағдарламасы.

📍Өтетін орны: 4А ш/а «Жартасты соқпақ» алаңы.

🕔 Уақыты: 17:00;

- 27 қыркүйек – фестиваль-байқаудың жабылу салтанаты және Ақтау қаласының туған күніне арналған мерекелік гала-концерт. Кештің жұлдыздары қатарында Лұқпан Жолдасов, Тамара Асар, Raim, Маржан Арапбаева және Жанар Дұғалова.

📍Өтетін орны: 15 ш/а «Амфитеатр» алаңы.
🕔 Уақыты: 19:00.

Баршаңызды халықаралық фестиваль мен мерекелік концерттің құрметті қонағы болуға шақырамыз!

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау