Әнші Айгүл Иманбаеваның ұлы Асылжан әлеуметтік желіде оқырмандардың сұрақтарына жауап беріп, әнші Алтынай Жорабаеваның тұңғыш қызының ұзату тойына не себепті қатыспағанын түсіндірді, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.
Желі қолданушылары Асылжанның қуаныш иелерінің қатарынан көрінбегеніне қызығушылық танытқан. Осыған байланысты ол өз парақшасында ешқандай шақырту алмағанын, алайда бұл жағдайды қалыпты қабылдайтынын айтты.
Сонымен бірге Асылжан өткен жылы Алтынай Жорабаеваның екінші қызы Айнараның өз үйлену тойына арнайы келіп, ізгі тілегін білдіргенін еске алды. Оның сөзінше, неке қию рәсімі Астанада тек ең жақын туыстарының қатысуымен өткендіктен, бұл туралы әлеуметтік желіде жарияланбаған.
«Айнара тойыма келіп, ақ тілегін айтты. Ол – өте тәрбиелі әрі парасатты жан. Оның бүгінгі бақытына шын жүректен қуаныштымын», – деді ол.
Сондай-ақ Асылжан ұзату тойына шақырылмағанын жасырмай айтып, оған қатысты ешқандай өкпе-назы жоқ екенін жеткізді.
«Шақырту алған жоқпын. Оның себебін түсінемін. Бұл жағдайға ешкімді кінәламаймын және реніш сақтамаймын. Балалардың бір-бірімен араласуына қан туыстығынан бұрын үлкендердің өзара сыйластығы мен қарым-қатынасы ықпал етеді», – деп жазды ол.