Айына 1 жарым миллион теңге: Еліміздегі ең қымбат ақылы мектептер белгілі болды

Редактор
08.04.2025, 17:00
Айына 1 жарым миллион теңге: Еліміздегі ең қымбат ақылы мектептер белгілі болды
Биыл еліміздегі ең қымбат мектептің бағасы айына 1 жарым миллион теңге болып бекітілген. 2025 жылғы ең қымбат мектептердің тізімімен QAZBILIM GROUP басқарма төрағасы Аятжан Ахметжанұлы әлеуметтік желідегі...

Биыл еліміздегі ең қымбат мектептің бағасы айына 1 жарым миллион теңге болып бекітілген. 2025 жылғы ең қымбат мектептердің тізімімен QAZBILIM GROUP басқарма төрағасы Аятжан Ахметжанұлы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті жазды деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Бағасы шарықтап тұрған мектептер Астана мен Алматы қалаларында орналасқан. Ең қымбат мектеп 1 жарым миллион теңге болса, ондықтың соңындағы білім ордасының бір айлық құны 531 мың теңге екен. 

1. QSI Astana - айына 1 500 000тг
2. Haileybury Astana - айына 1 450 000тг
3. Haileybury Almaty - айына 1 400 000тг
4. QSI Almaty - айына 1 400 000тг
5. Kazakhstan International school - айына 1 100 000тг
6. Spectrum International school - айына 843 000тг
7. High Tech Academy - айына 775 000тг
8. «Мирас» халықаралық мектебі- айына 688 000тг
9. «Galaxy» халықаралық мектебі- айына 541 000тг
10. Astana Garden school- айына 531 000тг
 
Бәрінің оқыту тілі негізінен ағылшын немесе орыс тілдерінде. Қазақ сыныптары бар ма, жоқ па, анық білмедім. Меніңше негізі айлық төлемі миллион теңгеден асатын тағы 4-5 мектеп бар. Мен білетін біразы енбепті, - деп жазды Аятжан Ахметжанұлы.