Air Astana Дубай мен Дохаға рейстерін тоқтатты

Редактор
23.06.2025, 16:20
Air Astana Дубай мен Дохаға рейстерін тоқтатты
Air Astana әуе компаниясы 23 маусымға жоспарланған бірден төрт халықаралық рейсті тоқтатты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Air Astana әуе компаниясы 23 маусымға жоспарланған бірден төрт халықаралық рейсті тоқтатты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Бұл шешім Парсы шығанағы аймағындағы жағдайдың нашарлауына және Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуына байланысты қабылданды.

Уақытша тоқтатылатын бағыттар мыналар: Атырау – Дубай – Атырау (KC191/192), Астана – Дубай – Астана (KC205/206), Алматы – Дубай – Алматы (KC897/898), сондай-ақ Астана – Доха – Астана (KC655/656).

Air Astana жағдайды мұқият бақылап отырғанын және рейстер кестесіне қатысты кез-келген өзгеріс туралы жолаушыларды жедел түрде хабардар ететінін атап өтті.