Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Қазақстанның тұңғыш президентінің жұбайы Сара Назарбаеваға қатысты таралып жатқан ақпаратқа
түсініктеме берді.
Ол соңғы уақытта кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде Сара Назарбаеваның денсаулығы мен қазіргі жағдайына қатысты әртүрлі болжамдар мен шындыққа жанаспайтын ақпараттар таратылып жатқанын айтты.
Ол БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын Сара Назарбаеваның есімін тексерілмеген ақпаратпен байланыстырмауға, негізсіз пайымдар таратуға жол бермеуге шақырды.