Аида Балаева Дженнифер Лопестің концертіне билет сатып алғанын айтты

Редактор
23.04.2025, 18:12
Аида Балаева Дженнифер Лопестің концертіне билет сатып алғанын айтты
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жазда Астанада өтетін Дженнифер Лопестің концертіне баратынын айтты деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жазда Астанада өтетін Дженнифер Лопестің концертіне баратынын айтты деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Ол концертке билетті қуана-қуана сатып алған. Айта кетейік, әлем жұлдызының кеші 1 тамызда  Астана Аренада өтпек.

Министр ретінде бизнес өкілдері осындай іспен айналысып жатқанына қуанамын. Біз оларға жан-жақты көмектесеміз. Мен Дженнифер Лопестің концертіне қуана-қуана барамын. Өйткені, оның бүкіл әлем мойындаған талантын көзбен көргім келеді. Билет сатып алдым, мен де концертке барамын, - деді Аида Балаева.

Министр Дженнифер Лопестің жанкүйерлерінің арқасында  Қазақстан туралы көп адам естіп-білетін болады деп мәлімдеді. Сонымен қатар, Аида Балаева Лара Фабианның концертіне де барғысы келетінін айтты.