Адам өліміне себепкер болған: Пәтерін жалға берген шымкенттік әйел сотталды

Редактор
02.05.2025, 15:58
Адам өліміне себепкер болған: Пәтерін жалға берген шымкенттік әйел сотталды
Оңан 4 жыл шартты жаза тағайындалды

Шымкентте алғаш рет пәтерді жалға берген иесі қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz. 
 
Прокуратура ақпаратына сәйкес, «А» есімді әйел пәтерді газ қызметімен келісімсіз және газ қауіпсіздігі талаптарын сақтамай, жалға берген. Салдарынан пәтерде газ ағып кетіп, үйді жалға алған «Б» уланып, қайтыс болған.

2025 жылдың 18 сәуірінде Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты азаматшаны ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы («Жұмыс жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу») бойынша кінәлі деп тауып, 4 жыл шартты жаза тағайындап, пробациялық бақылау белгіледі, – делінген хабарламада.

Бұл жағдай пәтерді жалға беріп, табыс табатын әрбір азаматтың жалға алғандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті бар екенін айқындады.