Анталия қаласында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы өз тарихында алғаш рет Дэвис кубогында бесінші орынға ие болды. Сергей Квактың шәкірттері бесінші орын үшін бәсекеде Франция құрамасымен кездесті. Топтық бәсекеде қазақстандықтар франциялықтарды 2:1 есебімен жеңген болатын. Бұл жолы Дамир Жалғасбай бірінші ойында Фердинан Ливені 6:3, 6:4 есебімен ұтты, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Екінші бәсекеде Заңғар Нұрланұлы Муаз Куамеге есе жіберді - 1:6, 2:6, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Шешуші, жұптық сында Дамир Жалғасбай - Даниэль Тазабеков Муаз Куаме - Даниэль Жадты тізе бүктірді - 6:3, 1:6, 10:5.
Өткен жылы командалық әлем чемпионатына тұңғыш рет жолдама алған Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 10-орынға іліккен еді.
Бұл жолы көрсеткішін едәуір жақсартып отыр.