«Абай» шахтасынан 155 кенші жер бетіне шығарылды

Редактор
8 нояб. 2024 г., 16:52
«Абай» шахтасынан 155 кенші жер бетіне шығарылды

Қарағанды облысында «Абай» шахтасынан 155 жұмысшы эвакуацияланды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Qarmet АҚ таратқан мәліметке қарағанда, кеше сағат 20:29-да кәсіпорынның орталық диспетчерлік басқармасына «Абай» шахтасында электр энергиясының тоқтағаны туралы хабар түскен. Бұл жағдай «Қарағанды Жарық» ЖШС-ның №9 трансформаторлық станциясында электр қуатының тоқтауы салдарынан туындаған.

Жедел түрде персонал эвакуация жоспарын іске қосты, нәтижесінде ауысымда болған 155 адам қауіпсіз түрде жер бетіне шығарылды. Кәсіпорынның барлық қызметі жедел әрекет етіп, бекітілген жұмыс алгоритміне сәйкес жұмыс істеді, деп жазылған Qarmet хабарламасында.

Компанияның мәліметінше, қазір электр энергиясы қалпына келтірілген. Тиісті қызметтер жағдайды талдап, кәсіпорын жұмысын қауіпсіз түрде қайта бастау үшін шахтаны дайындап жатыр.