Абай Қайырбеков Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы болды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Мемлекет басшысының өкімімен Абай Серікұлы Қайырбеков Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды, – делінген Ақорда хабарламасында.
Абай Қайырбеков 1975 жылы 29 мамырда Қарағанды облысында дүниеге келген. 1997 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, 2002 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
Мансабы:
Ол еңбек жолын 1998 жылдан бастап Ішкі істер органдарында кәмелетке толмағандар жөніндегі жедел уәкіл қызметінен бастады . Кейін ҚР ІІМ ведомстволарында түрлі лауазымдарда (соның ішінде жедел) қызмет атқарды.
2011 жылдан бастап ІІМ орталық аппаратында басшылық қызметтер атқарды.