22 қараша күні таңертең Абай облысының Үржар ауданында жылу қазандығы жарылды. Қазандық қызметкері жарақат алды. Тергеуді Абай облысы ПД басшылығының жеке бақылауына алды, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
— Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу бойынша алдын ала тергеу басталды. Материалдар арнайы тергеу жүргізу үшін уәкілетті органға жіберілді. Тергеу барысы Абай облысы ПД басшылығының бақылауында. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар жарияланбайды, — деді Үржар аудандық полиция бөлімі ЖПҚБ бастығы Мұхтар Құрманғалиев.