Қазақстанның Бас прокуратурасы қарапайым азаматтар алаяқтарға алданбас үшін маңызды мәлімдеме жасады. Құзырлы орган дабыл қағып, алаяқтар тактикасын өзгертіп жатқанын ескертеді. Бұл туралы Бас прокуратураның Telegram арнасында жазылды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі Комитет) Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертеді, - делінген хабарламада.
Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша, алаяқтар жаңа шабуыл толқынын іске қосып, жеткізу қызметтері, басқарушы компаниялар және банктер атынан хаттар мен SMS-хабарламалар жіберуде. "Авторизациядағы қате", "домофонды ауыстыру" немесе "есептегіштерді тексеру" деген сылтаумен қаскүнемдер азаматтарды олардың өздерін қайта қоңырау шалуға мәжбүрлейді.
Нәтижесінде, ештеңеден күдіктенбейтін тұрғындар кибералаяқтарға әлеуметтік инженерия құралдарын қолдануға жағдай жасайды.
Бұл ретте мыналар ұсынылады: