$ 457.21
 534.62
 6.08

9,8 млрд теңге: жүзге жуық блогерге жіберілген хабарлама кері қайтарылды

21.02.2025, 21:57
Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
Техникалық ақаулар жойылғаннан кейін қайта жіберіледі

Қазақстандық блогерлерге жіберілген хабарламалар кері қайтарылды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті 93 блогердің 9,8 млрд теңгеге қалыптатырылған хабарламасын кері қайтарды. Хабарламалардың қайтарылу себебі – оларды жіберу және өңдеу процесінде техникалық ақаулардың пайда болуы, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, техникалық ақаулар жойылғаннан кейін 93 блогерге қатысты хабарламалар қайта қалыптастырылатыны атап өтілді.

Еске сала кетсек, бұған дейін 594 блогерге қатысты 53,3 млрд теңгеге хабарлама қалыптастырылған болатын.