Алғашқы қазақстандық ғарыш зымыранының ұшырылатын күні белгілі болды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жобалау алдындағы зерттеулердің басталғаны туралы хабарлады. Бірінші ұшыру 2025 жылға жоспарланған, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦҒРМ) отандық метеорологиялық зымыран жасау бойынша жоба алдындағы зерттеулердің басталғанын хабарлады.
Жоба аясында отын технологиялары, композициялық материалдар мен басқару жүйелері әзірленуде, сондай-ақ зымыранның негізгі ішкі жүйелері жобалануда.
Жалпы алғанда, коммерциялық мақсаттағы зымыран тасығыштарды жасау мен шығаруды қаржыландырудың қажет көлемі әлемдік тәжірибеге сәйкес, шамамен 50-60 миллион долларды құрайды», - деп хабарлады ICRIAP басшысы Жаслан Мәдиев.
Министрліктің пікірінше, метеорологиялық зымыран жобасын сәтті жүзеге асыру Қазақстанның ғарышқа тәуелсіз шығуын қамтамасыз етуге қабілетті зымыран тасығышын құруға негіз қалауы мүмкін.