Қазақстанда 2,3 мыңнан астам ғылыми жоба қаржыландырылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Министрдің айтуынша, бүгінде еліміздің ғылыми әлеуеті – 25,5 мың ғалым, оның 46%-ы – 40 жасқа дейінгі мамандар. Ғылым саласында 425 ұйым жұмыс істейді.
«Енді гранттық конкурстар жыл сайын өткізіледі, бұрын 3 жылда бір өкізілетін. Сонымен қатар мемлекеттік қолдау тетіктері кеңейтілді: постдокторанттар мен жас ғалымдарға гранттар, әзірлемелерді коммерцияландыруды қаржыландыру, іргелі институттарды тікелей қаржыландыру, шетелдік тағылымдамалар және мега-гранттар енгізілді. Қазір 264 ғылыми-техникалық бағдарлама, 2,3 мыңнан аса ғылыми жоба және 208 коммерцияландыру жобасы қаржыландырылып отыр. 1,4 мыңнан астам ғалым шетелде ғылыми тағылымдамадан өтті», – деді Саясат Нұрбек.