Соңғы үш жылда медицина ғылымына 58 млрд теңге бөлінген. Сондағы нәтижесі – тек 2 отандық препарат. Оның біреуі де халыққа жетпеген. Бұндай деректерді Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов келтірді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Сонымен қатар:
Салдарынан:
741 млн теңге – нақты қаржылық бұзушылық;
32 млрд теңге – тиімсіз жоспарлау мен пайдалану;
58 млрд теңге – шығын мен жіберіп алған пайда анықталды.
«Мұндай фактілер дәрі-дәрмекті беру және оның айналысын бақылау жүйесінің әлсіздігін көрсетеді. Аудит нәтижелері дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласында жүйелі және кешенді проблемалардың барын көрсетеді. Анықталған мәселелер бойынша Үкіметке тиісті ұсынымдар мен Денсаулық сақтау министрлігіне тапсырмалар берілді. Жоғары аудиторлық палата алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстың ілгерілеуін қадағалап отырады», — деп атап өтті Әлихан Смайылов.