Түркістан облысының прокуратурасы интернет-алаяқтыққа қарсы күрес шеңберінде 200-ден астам істі саралап, қылмыстық схеманың қатысушыларын анықтады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Прокуратураның үйлестіруімен Түркістан облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы басқармасы Астана қаласында қылмыстық топты ұстады.
Алаяқтар ақшаны банктік карталар арқылы қолма-қол ақшаға айналдыру үшін арнайы адамдарды — «дропперлерді» оқытып, жүйелі түрде жұмыс жүргізген. Топ ішінде әркімнің нақты рөлі бөлінген: қауіпсіздік шаралары, топтың жұмысын үйлестіру, құқық қорғау органдарынан жалтару тәсілдерін үйрету.
Алдын ала деректерге сүйенсек, топ 100-ден астам азаматты алдап, 150 миллион теңгеден астам қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған. Қазір қылмыстық топтың мүшелері қамауға алынды, тергеу жүріп жатыр.