1400 шаршы метр күлге айналды: Алматыда қоймадан шыққан өрт өшірілді

Редактор
15.04.2025, 22:16
1400 шаршы метр күлге айналды: Алматыда қоймадан шыққан өрт өшірілді
Жалын 1 сағаттан аса уақыттан соң оқшауланып, араға жарты сағат салып тоғлықтай өшірілген деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Жалын 1 сағаттан аса уақыттан соң оқшауланып, көп ұзамай өшірілген деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Өрт көлік бөлшектері сақталған қоймадан шыққан. Қызыл жалынмен күреске 87 өрт сөндіруші мен 25 техника жұмылдырылды. Ал, саудагерлер қоймадағы қорап-қорап тауарларын тез арада қауіпсіз жерге шығаруға кірісті. Абырой болғанда, тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ. Өрт 1400 шаршы метр аумақты  күлге айналдырған.

Өрт сөндіру бөлімшелерінің жедел іс қимылдарының арқасында көршілес қоймаларға оттың таралуына жол берілген жоқ. ТЖМ күшімен қайта тұтану ошақтарының алдын алу үшін конструкцияларды талдау және су төгу бойынша жұмыстар жүргізілді. Өрт жойылды, - деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі