1,4 млрд теңге: 12 блогер қосымша табысын декларациялады

Редактор
28 февр. 2025 г., 17:28
1,4 млрд теңге: 12 блогер қосымша табысын декларациялады
Олар 73,6 млн теңге салық төледі

Қазақстанда 12 блогер 1,4 млрд теңге көлемінде қосымша табысын декларациялады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, кірістерді төмендету бойынша камералдық бақылау туралы хабарламаларды орындау шаралары барысында 12 блогер өз еркімен 1,4 млрд теңге көлемінде қосымша табыстарын декларациялап, 73,6 млн теңге салық төлеген.

Бүгінде барлығы 854 блогерге «кірісті төмендету» бойынша заңбұзушылықтар үшін 71,9 млрд теңге көлемінде камералдық бақылау туралы хабарламалар жіберілді. Орындау мерзімі – 30 жұмыс күні, – делінген Комитет хабарламасында.

Сонымен қатар, 71,9 млрд теңге көлеміндегі айырмашылықтар төленбеген салықтардың сомасы емес екенін атап өтілді. Көрсетілген айырмашылық сомалары блогерлердің салық декларацияларында көрсетілмеген болжамды табыстарын білдіреді.