12 млрд теңге: ҚТЖ жеке компаниямен заңсыз келісім жасаған

Редактор
28.03.2025, 16:22
12 млрд теңге: ҚТЖ жеке компаниямен заңсыз келісім жасаған
БҚДА тергеп-тексеру жүргізді

БҚДА жүргізген тергеп-тексеру нәтижесінде HILL Corporation ЖШС мен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС арасындағы бәсекелестікке қарсы келісім анықталды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Тергеп-тексеру барысында «ҚТЖ-ЖТ» локомотивтерге арналған мотор майларын сатып алу кезінде әлеуеті жететін жеткізушілерді лайықты көрмей, арнайы шарттар қолданғаны белгілі болды. Бұл олардың сатып алу конкурстарына қатысуына кедергі келтіріп, бастапқыдан-ақ HILL Corporation компаниясының мүддесіне жұмыс істеуіне бағытталған әрекеттерді айқындады.

Локомотивтерге арналған мотор майларын жеткізу саласында анықталған бәсекелестікке қарсы келісімнің жалпы сомасы 12 млрд теңгеден асты, – делінген хабарламада.