Тұтыну кооперативі атын жамылған «Asar Baspana» қаржы пирамидасының заңсыз қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Қаржылық мониторинг агенттігі бас прокуратураның үйлестіруімен биыл 8-10 ақпаны аралығында еліміздің барлық өңірлерінде кең ауқымды операция жүргізді.
Ақпаратқа сәйкес, қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар салымшыларға жылжымайтын мүлікті, көліктерді, сондай-ақ тұрмыстық өнімдерді (биологиялық белсенді қоспалар, ас үй ыдыстары, косметика, тұрмыстық химия және басқа да тауарлар) сатып алу үшін қаражат салуды ұсынған, ал қарымына ай сайын салынған соманың 30%-на дейін пайда табуға уәде берген.
Компаниялардың кеңселерінде және күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту барысында 1,2 млрд теңгеден астам көлемде қолма-қол ақша және ішінде премиум класты көліктер бар 13 автомашина тәркіленді, – делінген ҚМА хабарламасында.
Екі қаржылық пирамида ұйымдастырушы ұсталып, оларға қатысты сот екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі іс-шара санкциялады.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.