1,2 миллион теңге талап еткен: Шымкентте мұғалімді бопсалады деген күдікпен блогер ұсталды

Редактор
21.04.2025, 17:32
1,2 миллион теңге талап еткен: Шымкентте мұғалімді бопсалады деген күдікпен блогер ұсталды
Шымкентте мектеп мұғалімінен ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікпен блогер ұсталды

Шымкентте мектеп мұғалімінен ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікпен блогер ұсталды деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Қаладағы мектептердің бірінің қызметкері полицияға арыз түсірген. Сол бойынша полиция департаментінің қызметкерлері ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікті азаматты ұстады.

Күдікті өзінің танымалдығын пайдаланып, жағымсыз ақпаратты жариялаймын деп қорқытып, 1,2 млн теңге талап еткен.

Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген Шымкент қалалық ПД хабарламасында.

Сондай-ақ, полиция департаментінің өкілдері елге қандай да бір қысым көрсету, қорқыту және бопсалау әрекеттері қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті. Полицейлер азаматтарды мұндай жағдайда бірден құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырды.