103 жасында көз жұмған кейуананы ақтық сапарға ақша шашып шығарып салған

Редактор
13.05.2025, 17:41
103 жасында көз жұмған кейуананы ақтық сапарға ақша шашып шығарып салған
Әлеуметтік желіде ғасырдан аса өмір сүрген кейуананы ақтық сапарға шығарып салу сәтіндегі видео тарады.

Әлеуметтік желіде ғасырдан аса өмір сүрген кейуананы ақтық сапарға шығарып салу сәтіндегі видео тарады. Одан мәйітті жерлеуге алып бара жатқан сәтте жиналғандардың ақша шашып жатқанын байқауға болады деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Бұл видео желіде қызу талқыға түсті. Ал, оны жариялаған автор әжесінің 103 жасқа келіп қайтыс болғанын жазды.

103 жасқа келіп, біз де осылай абыроймен кетуді бұйырсын, – деп жазды видео авторы.

Ал, ақтық сапарға шығарып салу сәтінде жұрттың у-шу болып ақшаға таласып жатқан видеосына қатысты желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі мұны бұрыннан бар ғұрып десе, бірі жаназадағы жұрттың бұл әрекетін қатаң сынға алды. 

"Сұмдық, құдай сақтасын, не болып кетті?!", "103 жасқа келсе де, өлім ол өлім, біреу анасынан айырылып отыр", "Сұмдық, жаназаны видеоға түсіретін болған ба, ұяттан безгендер", - деп жазды желі қолданушылары.