Зеленский Қазақстанда Путинмен кездесуге дайын екенін мәлімдеді

Редактор
24 сент. 2025 г., 14:17
Зеленский Қазақстанда Путинмен кездесуге дайын екенін мәлімдеді
Нью-Йоркте Украина басшысы Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
 
"Біз, біздің командамыз Түркияда, Сауд Арабиясында, Қатарда, Еуропаның Австрия, Швейцария сияқты бейтарап елдерінде кездесуді ұсындық... егер қаласаңыз, мысалы, Қазақстанда да өткізуге болады", - деді Зеленский америкалық Fox News телеарнасына берген сұхбатында.
Жүргізуші сөзін нақтылауды сұраған кезде Зеленский Ресей басшысымен кездесуге дайын екенін растады.
Путин Қытайға сапары кезінде журналистердің Зеленскиймен кездесуі туралы сұрағына жауап бере отырып:
 
"Зеленский мырзамен кездесуге қатысты бұрын да айтқанмын. Жалпы, мен мұндай кездесудің мүмкіндігін ешқашан жоққа шығарған емеспін. Мұндай кездесулердің қандай да бір мәні бар ма? Қараңыздар, көрейік", - деген болатын.
Ресей басшысы кездесуге жақсы дайындық жасалып, оң нәтижелерге әкелетін болса, одан ешқашан бас тартпайтынын қайталады.
 
"Айтпақшы, Дональд (Трамп - ред.) осындай кездесу өткізу мүмкіндігін қарастыруды сұрады. Мен: иә, мүмкін деп айттым. Сайып келгенде, егер Зеленский дайын болса, Мәскеуге келсін – мұндай кездесу болады", - деді Путин.
Бір апта бұрын Зеленский Трамп және Путинмен үшжақты немесе екіжақты форматта алдын ала шартсыз кездесуге дайын екенін тағы да мәлімдеді, бірақ бірден шарт қойды: Мәскеуде емес.