Үш адам қаза тапты: Ақмола облысында қайғылы жағдай болды

Редактор
04.08.2025, 14:34
Үш адам қаза тапты: Ақмола облысында қайғылы жағдай болды
Оқиға орнында бір көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза тапты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Оқиға орнында бір көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза тапты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz 

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 тамыз күні сағат 243-ші шақырымда "Астана — Петропавл" автожолында "Hyundai Elantra"ж әне "ВАЗ-2107" автокөліктері соқтығысқан.

"ВАЗ-2107" автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ал "Hyundai Elantra" көлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді, — деді жергілікті полиция қызметі басқарма бастығының орынбасары Уалихан Жүнісбеков.

Қазіргі таңда өңір полицейлері сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Құқықтық шешім тергеу нәтижесі бойынша қабылданады.