Үкімет пен әкімдердің жұмысын азаматтардың тұрмыс сапасына қарай бағалаймыз - президент

Редактор
28 янв. 2025 г., 16:06
Үкімет пен әкімдердің жұмысын азаматтардың тұрмыс сапасына қарай бағалаймыз - президент

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақорда ақпаратына сәйкес, жиында еліміздің 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалмақ.

Қазір дүние жүзі түбегейлі өзгеріске ұшырап жатыр. Жаһандық үдерістер, ең алдымен, еліміздің экономикалық ахуалына әсерін тигізетіні анық.Жаппай цифрландыру дәуірі, яғни жаңа технологиялық кезең басталды. Күллі әлем мүлдем басқа жағдайда өмір сүреді. Біз соған міндетті түрде дайын болуымыз керек. Жаңа технологиялық ахуалға сақадай сай тұруымыз қажет, - деді президент.

Айтуынша, бұл еліміздің бәсекеге қабілетін арттырып, тұрақты дамуына жол ашатын аса маңызды фактор.

Үкімет пен әкімдердің жұмысы қаншалықты тиімді екенін алдымен экономиканың даму көрсеткіштері мен азаматтардың тұрмыс сапасына қарай бағалаймыз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.