Тұрмыстық зорлық-зомбылық: Биыл Алматыда дағдарыс орталықтарына қанша адам жүгінді?

Редактор
8 дек. 2025 г., 15:47
Тұрмыстық зорлық-зомбылық: Биыл Алматыда дағдарыс орталықтарына қанша адам жүгінді?

«Дағдарыс орталықтары одағы» бірлестігінің басшысы Зульфия Байсақова биыл Алматыда дағдарыс орталықтарына қанша адам жүгінгені туралы айтып, жылдық жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Бүгінде мұндай мекемелер өз қызметін кеңейтіп, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына пана ұсынудан басқа да көмек түрлері мен әлеуметтік демеу көрсетуді қолға алған. 

«Жан-Сая» дағдарыс орталығының заңгері Гүлшара Сапарованың айтуынша, психологтар зардап шеккендердің көңілін орнына түсіруге көмектесіп, заңгерлер құжаттарын қалпына келтіріп, төлемдерін рәсімдеп, құқықтарды түсіндіруге қолдау көрсетеді.

Жалпы жыл басынан бері Алматыдағы дағдарыс орталықтарында 445 адам (150 әйел, 295 бала) баспана қызметін пайдаланған. 1001 адам (722 әйел, 279 бала) психолог кеңесін және 811 сұрақ бойынша 223 адам заңгер кеңесін алған.

Бұған қоса, 53 адам жұмыспен қамтылып, 6 адам бастапқы кәсіби дағдылар курсынан өткен. Дағдарыс орталығына жүгінген 67 адам отбасымен қайта қосылған. 5 адамға жәрдемақы ресімделіпті. Тағы 7 адамның құжаттары қалпына келтірілген.

Дағдарыс орталығы құрылғалы бері оның қызметін 11 615 адам пайдаланды. Заңнамадағы өзгерістер қоғамдық жауапкершілікті арттырып, Алматы мен басқа өңірлердің тұрғындары тұрмыстық зорлық-зомбылық көргені туралы жиі хабарлай бастады, - деді «Дағдарыс орталықтары одағы» бірлестігінің басшысы Зульфия Байсақова.

Ал, былтыр Алматыдағы дағдарыс орталықтарына биыл 2 мыңнан аса тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған адам жүгінген еді.

Сарапшылар заңнаманы жетілдіруді жалғастырып, әлеуметтік қызметтердің мүмкіндігін кеңейту қиын жағдайға тап болған әйелдерді бұдан да тиімдірек қолдауға мүмкіндік беретінін атап өтті.