Түркістан қаласында дін саласындағы тұрақтылықты сақтау қалму мақсатында кезекті кездесу ұйымдастырылды, - деп хабарлайды
bairaqmedia.kz
Бұл жолы мамандар "Жастар орталығына" барды. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіу мақсатындағы кездесу қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өтті.
Жұмыссыз жастарға деструктивті діни ағым жақтастарына кетуінің алғышарттары тақырыбында сөз қозғалды. Деструктивті діни ағым жақтастары жұмыссыз жастарды қалай өз қармағына түсіреді, олар үшін қандай көмек көрсететіні жайында баян етілді.
Кездесуге қалалық ішкі саясат бөлімінің дін сұрақтары бойынша сектор меңгерушісі Еламан Қыдырбай және Ішкі саясат бөлімінің теолог маманы Бахауддин Нуриддинов қатысты.
Кездесудің соңында қойылған түрлі сұрақтарға теолог маман тарапынан толық жауап берілді.