Конституция күні жақындаған тұста Түркістан облысындағы Ассамблея өкілдері Қазақстан халқын мерекемен құттықтай бастады, - деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Сіздерді шын жүректен келе жатқан Конституция күнімен құттықтаймын. Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Қазақстан халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені осының айғағы. Әрбір қазақстандық келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді. Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – ,Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын, - деді Мақтаарал ауданы тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Шерзод Елов.

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні құтты болсын. 1995 жылы бүкілхалықтық референдумда Конституцияның қабылдануы барлық қазақстандықтар үшін ерекше оқиға болды. Конституция халықтың бірлігін, қоғамдық және рухани келісімін нығайтып, егемендік пен саяси тұрақтылықтың кепіліне айналды. Бүгінгі Қазақстанның әлемдегі жоғарғы беделі – бұл біздің тікелей ішкі жетістіктеріміздің, бейбітшілік сүйгіш саясатымыздың және ірі халықаралық жобалардағы бастамашылығымыздың нәтижесі. Бұл күн бізді рухтандырып, Қазақстанды одан әрі дамытуға шабыт беріп, жаңа мүмкіндіктер сыйласын! Мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға зор денсаулық, мол бақыт, амандық тілеймін, - деп тәжік этномәдени бірлестігінің белсенді мүшесі Шахло Ташкулова жүрекжарды тілегін жеткізді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні құтты болсын! 1995 жылы бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Ата Заң – еліміздің демократиялық дамуының, халық бірлігі мен тұрақтылығының берік негізі. Конституция тәуелсіздігімізді нығайтып, бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етіп, Қазақстанның әлемдік беделін арттырды. Бұл мереке әрқайсымызға Отанымызды дамытуға, бірлігімізді сақтап, болашағымызды нығайтуға шабыт береді. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін, -деді Кентау қалалық Ассамблея жастарының төрағасы Дастон Абдалиев.
