Түркістанда халықаралық деңгейдегі жаңа білім ордасы Woosong University Kazakhstan ашылуға дайын, - деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Мемлекет басшысының цифрландыруға бағытталған жолдауымен үндес бұл оқу орны жаңа дәуірдің бастауы болмақ. Университте алғашқы жылы 400-ге жуық студент білім алады деп жоспарлануда. Оның ішінде 100 білім алушы тегін оқу мүмкіндігіне, яғни грантқа ие болады.
Woosong University Kazakhstan-да шетелдік профессорлар білім береді. Оқу орны заманауи стандарттар бойынша жұмыс істейді.
Алдағы уақытта университет 2000-ға дейін студент қабылдауды жоспарлап отыр.
Оқу орнының ресми ашылу салтанаты 2 күннен кейін болады. Яғни, 25 қыркүйек күні сағат 15:00-де өтпек.