Түркістан қаласы республикалық FIN IQ диктантында үздік деп танылды

Редактор
26 нояб. 2025 г., 16:38
Түркістан қаласы республикалық FIN IQ диктантында үздік деп танылды

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің ұйымдастыруымен республикалық FIN IQ диктантында Түркістан қаласы І орын иегері атанды, - деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Сондай-ақ, Түркістан қаласы әкімдігі қаржылық қауіпсіздік шараларын жоғары деңгейде ұйымдастырып, белсене ат салысқаны үшін арнайы Алғыс хатпен марапатталды.

Әкімдік қызметкерлері қаржылық сауаттылықты арттыру, қоғамда экономикалық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді.

Қазіргі таңда Түркістан қаласында сала манандарының қатысуымен қаржылық қауіпсіздік бағытындағы жұмыстар қарқынды жалғасуда.