Түркістан облысында жасөспірім қыздың мәйіті табылды

Редактор
09.06.2025, 21:34
Түркістан облысында жасөспірім қыздың мәйіті табылды
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды

Түркістан облысы Төрткүл ауылында жол жиегінен жасөспірім қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz. 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 6 маусымда таңғы сағат 07:05 шамасында тіркелген. Күдікті өұқық қорғау органдарының жедел іздестіру нәтижесінде ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары басталды. Тергеу барысы Түркістан облыстық полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында, – делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.