Түркістан облысында жарылыс салдарынан 3 адам қаза тапты

Редактор
23 мар. 2025 г., 17:51
Түркістан облысында жарылыс салдарынан 3 адам қаза тапты

Түркістан облысы Жаушықұм ауылында автогаз құю станциясында жарылыс болды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

ТЖД мәліметінше, қайғылы оқиға 21 наурызда сағат 16:30 шамасында болған. Оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, тағы үшеуін күйік шалды.

Құтқарушылар барған жеңіл автокөлік автогаз құю станциясына соғылып, соның салдарынан жарылыс болғаны анықталды. Салдарынан резервуардан газ сыртқа шығып, газ-ауа қоспасы тұтанған, – делінген хабарламада.

Артынша өрт жақын маңда тұрған автокөлікке ауысқан. Салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмды.

Кейін ведомство өкілдері ауруханаға жеткізілген ер адамның да қаза болғанын хабарлады. Осылайша, жарылыстан көз жұмғандардың саны үш адамға жетті.

Мамандар оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтауды жалғастырып жатыр.