Түркістан облысында да жұмысшы құрылыс шұңқырына құлап кетті

Редактор
16.05.2025, 18:50
Түркістан облысында да жұмысшы құрылыс шұңқырына құлап кетті
Ол жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды

Шұңқырға құлап кеткен адамды ТЖМ қызметкерлері құтқарды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Түркістан облысы Түлкібас ауданы Рысқұлов ауылында базар аумағында 1969 жылы туған ер адам тереңдігі 4 метр болатын құрылыс шұңқырына құлап кетіп, өз бетінше шыға алмады.

Құтқарушылар көмекке асығып, зардап шегушіні шығарып, жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырды, – делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде ер адам абайсызда шұңқырға құлаған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда су құбырын төсеу кезінде жұмысшы 3 метр тереңдіктегі шұңқырға құлап кетіп, зардап шеккенін хабарлаған болатынбыз. 

Сондай-ақ, ШҚО-да жұмысшы жер қазу кезінде қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.