Түркістан облысында «Auyl Jastary» Республикалық жастар форумы өтті

Редактор
10.10.2025, 00:41
Түркістан облысында «Auyl Jastary» Республикалық жастар форумы өтті
Түркістан облысының Нысанбек ауылында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің және «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаевтің жетекшілігімен «Auyl Jastary»...

Түркістан облысының Нысанбек ауылында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің және «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаевтің жетекшілігімен «Auyl Jastary» Республикалық жастар форумы өтті, - деп хабарлайды bairaqmedia.kz


Шараның негізгі мақсаты - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған саяси басымдықтарды іске асыруға жастарды тарту. Форум еліміздің түкпір-түкпірінен келген ауыл жастарын біріктірген ірі пікірталас алаңына айналды. 

Форумды ашқан Серік Егізбаев өз сөзінде жастарды еліміздің болашағы үшін аса маңызды бағыттардың бірі – жасанды интеллект пен цифрландыруға белсене атсалысуға шақырды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы Жолдауында жасанды интеллект пен цифрландырудың маңыздылығын ерекше атап өтіп, Үкіметке экономиканың барлық негізгі салаларынжаңғырту үшін жасанды интеллектті кең көлемдеенгізу жөнінде нақты тапсырма жүктеді. Бұл – еліміздіңалдағы үш жыл ішінде цифрлық державаға айналуынажол ашатын маңызды қадам, - деді ол.

Сондай-ақ, Партия Төрағасы жұмыстың басым бағыттарын айқындап, олардың қатарында жастардың мемлекеттік бағдарламалар мен партиялық жобаларды жүзеге асыруға белсенді қатысуын атап өтті.

Жастар алдында сондай-ақ ҚР Мәжілісінің депутаты Ерболат Саурықов, Түркістан облысы Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов, Түркістаноблыстық филиалының төрағасы Төрегелді Қалмұратов және бірқатар спикер мотивациялық сөз сөйледі. 

Форум қорытындысы бойынша «Ауыл жастары» жастар қанаты, Қазақстан жастары, сондай-ақ жастар және волонтерлік ұйымдар Үндеу қабылдады.

Жастар бірлестіктерін және еріктілер қауымдастығын жаңа және әділетті Қазақстан құруға бағытталған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын нақты істермен жобалармен қолдауға шақырамыз. Біз қоғамымыздағы Заң мен тәртіпті, Еңбек адамының басымдығын жақтаймыз, сан ғасырлық тарихы бар және толеранттылық пен сыйластық, прогресс пен даму, қоршаған ортаға ұқыпты қарау қағидаттарын бірінші орынға қоятын халқымыздың терең дәстүрлерін сақтау мен одан әрі дамытуды қолдаймыз. Біз технологиялық ілгерілеудің, жасанды интеллект пен цифрлық дамудың жаңа дәуіріне қадам бастық. Біздіңбуын өзінің білім деңгейімен, жастарға тән жауапкершілігімен уақыттың жаңа сын-қатерлеріне төтеп беретіндей заман талаптарына сай болуы тиіс, - деп айтылды.

Форумға еліміздің барлық өңірлерінен келген«Ауыл жастары» белсенділерінен құралған 200-ге жуық жас қатысты.