Түркиядағы зілзала: Тоқаев Ердоғанға қолдау білдірді

Редактор
24 апр. 2025 г., 21:58
Түркиядағы зілзала: Тоқаев Ердоғанға қолдау білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға Мәрмар теңізі мен Ыстанбұл шаһары аумағында болған жер сілкінісіне байланысты алаңдаушылық білдіріп, қолдау сөзін жолдады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Сан ғасырлық достық пен бауырластығымызға және елдеріміз арасындағы стратегиялық әріптестікке сүйене отырып, біз түрік халқына әрдайым қолдау көрсетіп, барынша көмек беруге дайын екенімізді растаймыз, – делінген Қазақстан президентінің жеделхатында.
Еске сала кетсек, Түркия астанасы Ыстамбұлда болған жер сілкінісінен 236 адам зардап шеккенін хабарлаған болатынбыз. Олардың бәрі апат кезде биіктен секірген.