Елордадағы «Амазон» түнгі клубында қаза тапқан 19 жастағы Азаттың туған әпкесі оқиға орнынан бейнежазба жариялады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Оның айтуынша, қайғылы жағдай орын алған сәтте клубта күзетшілер мен әкімшілік өкілдері, сондай-ақ полиция қызметкерлері болған. Алайда ешқайсысы төбелеске араласпаған.
Полиция мәліметінше, мекемеге келушілер арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқан.
"Оқиға кезінде күдікті пышақ жарақатын салған. Салдарынан 19 жастағы жігіт алған жарақатынан сол жерде көз жұмды. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр", – делінген хабарламада.
Полиция кісі өліміне қатысы бар деген күдіктіні ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Еске салсақ, 7 қыркүйек, жексенбі күні түнгі демалыс орнының ішінде басталған жанжал төбелеске ұласып, соңы 19 жастағы Азаттың қаза болуымен аяқталған еді. Ол пышақ жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Марқұмның апасының үндеуі әлеуметтік желіде қолдау тауып, қолданушылар #ЗаАзата хэштегімен әділ тергеуді талап етуде.